АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  "АҚКӨЛ АУДАНЫ, АҚКӨЛ ҚАЛАСЫ, №1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ -  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО - ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №1, ГОРОД АККОЛЬ, АККОЛЬСКИЙ РАЙОН" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, №1 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

27.02.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ заңды мекенжайы Ақкөл қаласы, Т.Бигельдинов көшесі 10.

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2022 жылдың есепті кезеңінде аталған қызметті 48 көрсетілетін қызметті алушы алды, оның ішінде 46-сы мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 2 қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берді.   

 

       

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметі 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тегін көрсетіледі.

               Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін үнемі іс-шаралар өткізіледі (семинарлар, әдістемелік кеңестер, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері және т.б.).

  Есепті кезеңде облыстық қоғамдық-саяси «Ақкөл Арайы» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 мақала жарияланды.
         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім басқармасының ресми интернет  ресурсында sc0024.akkol.aqmoedu.kz. Сондай-ақ, бағынысты ұйымдарда ақпараттық стенд мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыш жұмыс істейді.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 2021 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттары бар 2 қызметкер көрсетеді.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

Просмотров: 2122

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст